3. «Табиғат-ананы аялайық, адамзат!» тақырыбында монолог дайындаңыз. 200 сөз Катты керек​

karinohka2006 karinohka2006    3   01.03.2021 10:51    24

Ответы
makshardin17 makshardin17  31.03.2021 10:59

Табиғат -ананы аялайық,адамзат!

Ей,а Мен табиғатпын.Саған тіршілік етуіңе жағдай жасаған,табиғат-анаңмын.Сенің менсіз күнің жоқ.Жерімде тудың,өстің,тұрасың.Сенің өсіп-өнуіңе жағдай жасадым.Өстің-өндің,жетілдің.Неге маған зияндық келтіресің?!Қойнауымдағы мұнайымды,көмірімді,алтын-күмісімді бердім.Сен оларды заводта өңдеп,қалдықтарымен мені ластадың.Суымды,көлімді,тұнығымды лайладың,балығымды өлтірдің,не үшін?Мен саған сумен тіршілік бердім,егін еккізіп,өзіңді асырайтын өнім бердім,балығымды бердім.Ал сен адамзат өзің ішетін суыңды ластадың.Орман бердім,жеміс бердім,неше түрлі жан-жануарларды бердім ал сен ағашты кестің,аңдарды атып құрттың.Саф таза ауа бердім,сен зымыраныңмен ауа қабатын бұзып,ауаны ластадың.Өзіңе-өзің зиян келтірудесің,соны түсінесіңбе адамзат!? Мен табиғат-анаңмын.Ана баласына жамандық ойламайды.Адамзат ойлан,ақылға кел.Мені қолда, аяла.Адам мен Табиғат егіз,бірінсіз- бірінің күні жоқ.Бір тал кессең он тал ек.Завод-фабрикалардың ауаны ластайтын түтінінен құтыл,қалдық заттарын өзен-көлдерге құйма.Суыңды,жеріңді таза ұста.Болашақ ұрпағыңа таза ауаңды,жараланбаған жеріңді,бұзылмаған табиғатыңды қалдыр.Демалатын ауаңды ластама,еліңді ,жеріңді экологиялық аймаққа айналдырма.Сен менің панамда өсіп-өн.Таза табиғат аясында өмір сүріп,ұрпақ сүй.Ұрпағыңа табиғатты ластамауды,сақтауды тапсыр,үйрет. Табиғат көркейсе,адамзат қоса көркейеді.Табиғатты аяла,оған қамқор бол.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi