3. Оқылым мәтінін негізге алып, деңгейлік тапсырманы орындалдар. 1-деңгей. Мәтіндегі зат есімдерді тауып, қай жалғауда тұрғанын талданлар. 2-деңгей. Мәтіннен жалқы, жалпы зат есімдерді тауып, топтап жазыңдар. Жалпы есімдермен сөйлемдер құрастырыңдар. 3-деңгей. Берілген жұмбақтарды шешіп, тақырыпқа қатысын анықтаңдар. Өздерін, осындай үлгімен жұмбақтар құрастырып жазыңдар. Көк жиекті, шай табақты, Алтын алма тербеледі. Кейде бүркер алма жүзін Ұлпа мақта перделер. Қонақтап күнде су бетіне, Сүйсінер барлық адам келбетіне. Тұлғасы су ішінде көрінеді, Таңырқап қарап тұрсам суретіне. Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып, Қарасам толып жатыр көзін ашып, Үйіме сәулеленіп түссе жарық, Кетеді әлгі моншақ бөрі қашып.