3 Медседна, Мәтінді тыңда. Мәтіндегі негізгі ақпаратты
анықта. Мәтін бойынша жоспар құр.
Қазақ халқының кеңінен танымал болған
спортшыларының бірі — грек-рим күресінен
Олимпиада ойындарының жеңімпазы, балуан
Жақсылық Үшкемпіров. Ол 1951 жылы 6 мамырда
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Тегістік ауылында
дүниеге келген. Бапкерлері - Р. Ильматов,
В. Псарев, В. Угренинов. Жақсылық Үшкемпіров
Семей мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік
спорт және туризм академиясын бітірген. Қазақстан
және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. КQPO
чемпионатының алтын, күміс және қола жүлдегері.