3. Мақалдар мен мәтелдерді бөліп топтастырыңдар. 1. Акку көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
2. Атақоныс алтын мекен.
3. Атамекен анаң екен,
Қысылғанда панаң екен,
4. Атамекен туған жер:
Кір-қоңыңды жуған жер,
Кіндігіңді кескен жер,
Кісі болып өскен жер.
5. Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары.
Әркімнің өз жері - ұжмақ.
6. Бақыр қазан қайнаса,
Бәріміздің бағымыз.
Туған жердің өр тасы -
Біздің алтын тағымыз.
7. Бақа - батпағына, балық - көліне.
8. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз елінде ұлтан бол.