3. Мәтіннен ғылыми стильге тән тілдік ерекшеліктерді табыңдар. Әртүрлі ғылым саласына тән сөздерді топтап жазыңдар. Қазіргі таңдағы қазақ қоғамындағы ұлттық бірліктің дамуын қамтамасыз ететін рухани байлық пен материалдық өндірісті бейнелейтін негізгі құралдың мемлекеттік тіл еке- нін сезіну тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша қара- уымызды қажет етеді. Олай дейтін себебіміз мемлекеттік тілімізді бекемдей түсу жолында жауапкершілік пен тия- нақты істер өте қажет. Мәселен, ономастика, топонимика саласында қазақ сөздерінің молынан көрініс табуы, жер-су, елді мекен атауларының ана тілімізде өрнектеліп, бір жүйеге түсуі – маңызды мәселе. Себебі ана тіліміздің дамуы топоним- дермен тығыз байланысты. Географиялық атауларда (топонимдер) физикалық-гео- графиялық, тарихи-этнографиялық, тұрмыс-тіршілікті, эко- логиялық мәселелерді қамтитын ақпараттар бар. Ал ақпарат белгілі заңдылықтарға негізделіп, кез келген халықтың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын анықтайды. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқы мыңдаған жыл бойы байтақ Еуразия кеңістігін игеру барысында аумақтық топонимдерде өз тіліне тән атаулар қалдырды. Түркі түбірлі топонимдер Қиыр Шығыстағы Камчаткадан Еуропаның батысы, Кавказ елдері мен Ресей жерінде, тіпті Африканың солтүстік бөлі- гінде, оңтүстігі Декан үстіртінен Еуразия құрлығының сол- түстік жиегіне дейін, сонымен қатар Батыс Қытай, Моңғолия жерінде де кездесетіні мәлім.

polina12318 polina12318    3   10.10.2021 01:55    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi