3. Мәтінді түсініп оқы. Қуыршағыңа көйлек тігіп бер. Әрбір әреке- тіңді мұғалімге айтып отыр.
Үлгі: Апай, мен қағазды қиғалы жатырмын.
Мен қуыршаққа жылы көйлек тіккелі жатырмын. Ақ
қағаздан үлгі қиып аламын. Үлгі қағаздың биіктігі – 14 см,
ені – 16 см. Қағазды екіге бүктеймін. Сонда оның ені 8 см
болады. Енді суретке қарап, үлгіні қиып аламын. Үлгіні
матаның үстіне қойып қоямын. Үлгі бойынша екі дана
дайындаймын. Көйлектің екі бетін беттестіремін. Көйлектің
екі жанын және иығын қосып тігемін. Міне, көйлек дайын
болды.
32см