3. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтап, жазыңдар.
Санжар оқушы. Оның сүйікті пәні ағылшын тілі. Көп тіл білу қазіргі заман талабы. Сондықтан Санжар қазақ тілімен қатар ағылшын тілін меңгереді. Ағылшын тілі сабағы өте қызықты өтеді. Сабақта Санжар диалог, мәтін құрастырады, қойылым қояды, суреттерді әңгімелейді, жаңа сөздермен танысады. Сондай-ақ ол көптеген өлеңдерді жатқа айтады. Үзілісте ол достарымен қазақша сөйлеседі.
1. Болашақ мамандығың туралы салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ыңғайлас (- да, де, та, те, және, әрі),
Қарсылықты (бірақ, алайда, дегенмен),
Себеп-салдар (сондықтан, себебі, өйткені, неге десең),
Талғаулы (не, немесе, я, яғни, әлде, бірде),
Кезектес (біресе, кейде, бірде).