3. Өлең мазмұнын сұраулы сөйлемдерге айналдырып, көшіріп жа зыңдар. Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарын анықтаңдар. Бос уақытың болса егер, Кітапқа да көзің сал. Ол - рухани бір табыс, Оны дағы есіңе ал. Ұйқастырған ойларды, Осылай деп түйемін. Оқушыма кәрі, жас, Ақ басымды иемін. Рухың бай болмасаң, Оңалмайсың, оңбайсың. Ақылың, арың бар болса, Азбайсың да тозбайсың. Өмірдің кейбір кездерін, Сізге сөз ғып ұсынған Кешегі жас жауынгер, Бүгінгі қарт Әзілхан. (Әзілхан Нұршайықов)