3) Латын әліпбиі, ... сын белгіле. Таңда-
І 3. Берілген мәтіндердің хронологиялық тұрғыдан ретін анықта.
А. Араб графикасына негізделген жазу үлгісі 1929 жылға дейін
сақталды. Осы тұсқа дейін жазылған еңбектер араб жазуымен хатқа
түсті. Оны Ш. Уәлиханов, А. Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім
тәрізді атақты тұлғалар қолданды.
ә. ХХ ғасырдың басында А. Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ
тілінің заңдылықтарына орай бейімдеп, қазақ әліпбиін жасады. Осы
әліпби негізінде кітаптар жарық көрді, шәкірттер білім алды. Абай,
Мағжан, Мұхтар сияқты алыптардың еңбектері басылды. 1929-1940
жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді
пайдаланды.
Б. Көне заманнан бері қазақтар әртүрлі жазу жүйесін пайдаланып
келген. Олардың алғашқысы түркі халықтарына ортақ болған руна
жазуы. Осы жазу үлгісінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты
көне түркі мұралары сақталған. V–XII ғасырларға жататын руна жазуы
Орхон, Енисей, Талас өзендері бойынан табылды. Мұның өзі біздің ата-ба-
баларымыздың өмір сүрген географиялық орындарын көрсетеді.
В. 1940 жылдан бастап кириллица жазуға енді. Қазіргі кезде
қоғамда латын әліпбиіне көшу мәселесі көтеріліп жатыр. Түркия, Әзір-
байжан, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты туысқан елдер осы латын
әліпбиін пайдаланады. Әлемдегі қазақтар өздерінің тұратын мемлекет-
теріне қарай араб, латын, кириллица таңбаларына негізделген өліпби-
ді қолдануда.
сурактарға жауап бере отырып мәтін мама ранее разноо: