3. Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу 1. «Домбырада адамдарды өзіне тартатын ерекше қасиет бар», - деген пікірмен келісесіз бе? Себебін жазыңыз.

2. «Қазіргі жаңа технологиялар заманында домбыраға деген көзқарас өзгерді».Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
[1]

prizrak6571 prizrak6571    1   10.03.2021 12:17    0

Ответы
Максим56065 Максим56065  09.04.2021 12:18

1.Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы әрі ұлы аспабы домбыра екендігі сөзсіз. Онсыз бірде–бір шара өтпейді. Көшпенділер заманында да, қазіргі заманда да солай. Шертпелі, екі ішекті аспап түрлі мамандық иелерінің, діні мен ұлты басқа жандардың басын қосады. Домбыраның күмбірлеген дыбысы терең ой-толғауларды сөзден артық жеткізе алады.

Домбыра қазақтың 7 ұлттық қазынасының бірі десек те болады. 2007 жылы отандық ғалымдар мемлекет пен халықтың рухани дамуына, соның ішінде қалыптасуына ықпал еткен 7 ерекше мәдени құбылысты анықтаған. Бұл тізімге домбыра, Тамғалы шатқалында тасқа салынған суреттер, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Маңғыстаудағы жерасты мешіттер, қазақтың киіз үйі, «Бәйтерек» монументі, Есікте табылған «Алтын адам» кірді. 2010 жылы домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, домбыраның 4 мың жылдық тарихы бар. 80-ші жылдардың соңында ғалымдар Алматы облысындағы Майтөбе шоқысында тастардан тапқан суреттерде би билеп жүрген адамдар мен домбыраға қатты ұқсайтын музыкалық аспап бейнеленген. Неолит дәуіріне жатқызылған бұл бірегей олжа Алматыда Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде сақтаулы тұр.

Халық арасында домбыра туралы тараған аңыз-әңгімелер көп.

дурыс деп ойлайм

:)

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi