3. Эссе "Архат - өрлік пен ерліктің символы"​

ромамс ромамс    2   15.04.2021 18:00    7

Ответы
animetan200 animetan200  15.04.2021 18:10

Тұлпар шапса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын қазақтың ұлан-ғайыр ұлы даласы ықылым замандардан бері талай-талай ұлы тұлғаларды әлемге танытқаны тарихымыздан белгілі. Бұл жайында аңызға толы әңгімелер де, ақиқатқа жанасатын тарихи оқиғалар да жетіп артылады. Талай-талай тарихи оқиғалар қасиетті топырағы мен тасында жасырулы жатқан қазақ даласында даңқты перзенттердің туылмауы, елдік пен ерліктің салтанат құрмауы мүмкін де емес сияқты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында: «Ұлы дала әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді. Сондықтан біз атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек» деген сөйлем жолдары бар. Қазақ халқының даңқын айдай әлемге жайып, өзінің біргей азаматтық айбынын да танытқан асыл ұлдардың бірі – Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, қасиетті Жуалы жерінен түлеген қаһарман перзент Бауыржан Момышұлы екені анық. осы боладыма подписатса етип кетши

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi