3. Елу жылдан кейінгі өмірді қалай елестетесіңдер?
Сұрақ белгісі жауап алу мақсатында қойылады. Сұрақ белгісі
мынадай жолдармен жасалған сұраулы сөйлемдерден соң қойы-
лады:
1. Ма, ме, ба, бе, па, пе, ша, ше сұраулық шылауларының қатысуы
арқылы жасалған сұраулы сөйлемдерден соң сұрақ белгісі қойы-
лады: Астанаға барасың ба?
2. Сұрау есімдіктері арқылы жасалған сұраулы сөйлемдерден соң
қойылады: Кім келді? Қашан келді?
3. Болар, шығар көмекші етістіктерінің қатысуы арқылы жасалған
сөйлемдерден соң қойылады: Сен де баратын шығарсың?
4. Ғой шылауы мен ә одағайының тіркесуі арқылы жасалған сұраулы
сөйлемдерден соң қойылады: Әкеміз келсе ғой, ә?
5. Сурау интонациясымен айтылған хабарлы сөйлемдерден соң қо-
йылады: - Маған бұл қиын. — Қиын? Мүмкін емес.
6. Құрамында бірнеше сөйлемі бар құрмалас сөйлемнің соңғы жай
сөйлемі сұраулы болса, сөйлемнің соңына сұрақ белгісі қойылады:
Қас қарайды, жолаушылар кешікті, не болды екен?
2. Окылым мәтіні бойынша сұрақ белгісінің 6 ережесіне сәйкес
6 сұрақ жазыңдар. Сұрақтарға ауызша жауап беріңдер