3-деңгей. Аңыздың жалғасын ли Қазақтан басқа түркі халықтарында аз ұшырасатын космогониялык, ми,
тердің бірі - Жетіқарақшының Үркердің қызын ұрлауы туралы аңыз. Аммо
болса керек. Қазақ халқында бұл аңыздың бірнеше нұсқасы бар. Бірінде"Aret-
жұлдыздардың қозғалысын бақылау нәтижесінде кейінгі замандарда пайда
қарақшы Үркердің қызын ұрлайды. Үркер қызын қайтарып алу үшін үе
аңызды ғылыми тұрғыда түсіндіріп, хабарлама жазыңдар,
Жетіқарақшыны қуып жүреді...​

Alina221006 Alina221006    2   10.04.2021 11:39    2

Ответы
макс3094 макс3094  10.05.2021 12:41

ответ:Бір уақытта ар жағынан жарқырап Таразы жұлдызы оқ бойы көтеріледі. Оның тағы бір қырынан сүмпиіп Сүмбіле шыға келеді. Енді Жетіқарақшы көз ілмей, осы жұлдыздарды түгел батырып, ақ боз ат пен көк боз атқа таяп қалғанда, арайланып, жап-жарық нұрға бөлеп Таңшолпан күн шығыс жақтан жарқ ете қалады екен. Сонымен лезде таң атады да кетеді. Әлгі қарақшылар ұрлығын тоқтатып, жүзеге аспай қалған арам ниетін келер кеште жалғастыруға қалдыратын көрінеді. Ал, ертеңгі кеште бұл әрекет аспан әлемінде тағы солай жалғасады. Сөйтіп Жетіқарақшы жұлдыз болып жаралғалы бері аспан әлемінде қарақшылығын тоқтатпапты. Ұрлыққа да қолы жетпепті. Осылайша жыл он екі бойы айналып жүре береді, – деуші еді ауылдың көнекөз қариялары.Бұл – сол кездегі барлық ауыл баласының ұйып тыңдайтын әңгімесі еді. Күнде естіп-біліп жүрсек те, тағы да тыңдай түскіміз келеді. Құдды бір алғаш рет естіп отырғандай күй кешеміз. Бар ынта-ықыласпен құлағымызға құя түсеміз. Сосын «Әне, қарашы, Жетіқарақшы, біздерді қимай сөніп барады» деп жамырай әнге қосатын сол бір ғажап табиғат құбылысына деген іңкәрлік су сепкендей басыла қалатын. Себебі, көз тартар аспан сұлулығында да осыншама залымдық болады екен-ау деген бір үзік ой ештеңенің ақ-қарасын ажырата бермейтін сонау балаң жүрек түкпірінде қылаң ете қалатын.

Объяснение:100% правильно

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi