3. Берілген мәтіннен құрмалас сөйлемнің барлық түрін анықтаңыздар.9- сынып оқушысы Қайдар Еркебұлан физика мен математиканы сүйіп оқиды,
сол себепті ЭКСПО-2017 көрмесіндегі түрлі техникалық бұйымдар көзіне
оттай басылды. Роботтар, машиналар жасау - Еркебұланның арманы.
Халықаралық көрме оқушының арманына шабыт қосып, елін дамытатын
азамат болуды мақсат етуіне түрткі болды. «Маған қатты ұнағаны Жапония
павильоны болды. Барлық жасағандарын мен де елім үшін пайдалансам
деймін. Павильонның іші қараңғы болды, себебі технологиясы дамыған
мемлекеттің павильонына келушілер үшін үлкен әсер қалдыруды қалаған.
Бір түсінгенім, жапондардың технологиясы электроэнергияны үнемді
пайдалануға жұмсалған. Біздің елімізде жарықтың, газдың, судың бағасы
қымбат деп айтып отыратын анам. Мен келешекте Жапонияға оқуға
барамын, олардың технологиясымен танысып, бар білгенімді Қазақстанда
жүзеге асырамын», - дейді небары 15 жастағы Еркебұлан.