3-бөлім ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
(Құрмалас сөйлемнің қалыптасып, дамуы. Құрмалас сөйлемнің
жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемнің түрлері)
А. «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша
алған білімдеріңді бекіту мақсатында хабарламалық эссе жазыңдар.
Хабарламалық эссенің мақсаты оқиғаны хронологиялық тәртіппен
белгілі бір жақта, өткен немесе осы шақта жеткізу. Мұндай эсседе әрекет
(болған, болып жатқан) жайлы айтылады немесе маңызды оқиға жайлы жеке
пікірін жеткізеді.
Ол үшін:
1) бөлім бойынша оқыған және тыңдаған мәтіндердегі мәселелерді
еске түсіріп, хронологиялық тәртіппен жазыңдар;
2) хабарламалық эссенің тақырыбын таңдаңдар («Тәуелсіздік
жылдарындағы жетістіктер», «Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы
он жылында», «ЭКСПО-ның елімізге әкелген пайдасы» т.б.);
3) эссені жоспарландар (кіріспеде не жайлы қарастырылатынын,
негізгі бөлімде нені ашып көрсету және қалай қорытындылау
керектігін нақтылап алыңдар);
4) жоспарға сүйеніп эссе жазыңдар (кіріспе тым ұзақ болмауы,
яғни жалпы эссенің 25-30 пайызын құрауы тиіс. Эссенің 60-65
пайызын негізгі бөлім алады. Бұл бөлімде дәлелдер, фактілер кел-
тіріледі. Қорытынды бөлім эссенің 10 пайызын құрайды, онда
«Кіріспеде айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» сұрағына
түйін жасалады);
5) жазған эссені оқып, тексеріңдер (екіұшты ойлар, сәтсіз алын-
ған фразалар, негізсіз деректер, ой қайталаулары болмауын қада-
ғалаңдар, емле қателерін тексеріңдер).