3 Атмосфералық құбылыстар – ауа райының негізгі элементтерін жазыңыздар Мұнар,түман,шық,кемпірқосақ,бұрқасын,қылау, көкмұз т.б
4 Тұман және бұлттың түрлерін жазамыз.
5 Тропосферадан жоғары 50 км биіктікке созылатын атмосфера
қабатын атаңыз.
А)экзосфера В) тропосфера С) стратосфера D) мезосфера Е)ионосфера
4)Пішініне қарай бұлттың негізгі үш түрі ажыратылады. Будақ бұлт үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды. Жеке будақтар сұрғылт түсті келеді. Олар тұтаса келе түнеріп, жаңбырдың будақ бұлтына айналады. Ондай бұлттан жазда нөсер жаңбыр, қыста жапалақтап қар жауады.
Будақ бұлттар, әдетте 800-1000 м биіктікте түзіледі де, жоғары қарай 2 км биіктікке дейін таралады. Жер беті қатты қызып, жоғары өрлеген ауа ағындары күшті жүрген жағдайда ол қалыңдап, 3-4 км-е дейін көтеріледі.
Қабат бұлт тұманға ұқсас бір сыдырғы сұрғылт қабат құрайды. 2 км биіктікке дейін түзілетін қабат бұлт аспанды түгелдей торлап алды да, одан ұзаққа созылатын ақжауын жауады . Шарбы бұлт өте биікте түзілетіндіктен, майда мұз кристалдарынан тұрады. Ақ түсті, нәзік шілтерге немесе малдың ішкі шарбы майына ұқсайды . «Шарбы бұлт» атануы да содан, одан жауын -шашын жаумайды.
5) С.стратосфера