3-3тапсырма: Мәтіндерді оқыңдар. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын, стилін табыңдар. Сәйкестендіру
[4]кестесі»кестесі»мандос қазақ – татулықтың жаршысы
А мәтіні Тілдік құралдар: Ә мәтіні
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Стилі
А мәтіні
Бауырмалдық — адам бойындағы туысқандық, ағайыншылық қарым-қатынасқа
адалдықты білдіретін ұғым. Бауырмалдық - туыс адамдардың арасындағы жақсы көру
сезімін, бір-біріне деген мейірімділігін, жанашырлығын, қамқорлығын білдіретін құнды
қасиет. Сондай-ақ, бауырмалдық тек туыстық негізде ғана көрінетін қасиет емес, ол
кісінің адамгершілік, имандылық қасиеттерін айқындайтын мінез-құлықтың жағымды
белгісі. Өзгені бауырына тарта білу, әр адамды жақын санап, қамқорлық көрсету сияқты
ізгілік белгілері адамдар арасындағы өзара сыйластықты, бірін-бірі құрметтеу, жақын тұту
сезімдерін қалыптастырады. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, кез-келген
жағдайда оларға көмектесуге дайын тұру, қол ұшын беру қасиеті де бауырмалдықтың
белгісі болып табылады. Бауырмалдықтың салдары адамның не халықтың өзіне зиянды
болмас үшін ол тәуелсіздік, ұлттық мүдде, ұлттық намыс сияқты ұлы құндылықтармен
астаса көрініс табуы керек.
Ә мәтіні
Хабарландыру!
26-қаңтар күні «Жылы жүрек» акциясы аясында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ бас
ғимаратында «Қайырымдылық жәрмеңкесі» өтеді.
Акцияның мақсаты - жәрмеңкеден түскен қаражатты әлеуметтік жағдайлары төмен, жетім
және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету.
Жанашырлық, бауырмалдық – халқымыздың қанына сіңген қасиет. «Қайырымдылық
жасасаң, қайырымын өзің көресің!» - деген халқымызда даналық сөз бар.
Игі шараға білім ордасының ұстаздары мен қызметкерлері, сондай-ақ студент жастары
қатысады.
4-3тапсырма: [3]
мысал Келер шақ Осы шақ Өткен шақ
Оқушы кітап оқып
отыр.
Біз барармыз.
Ол домбыра тартты
Сен мектепті
бітіргенсің.
Мен қалаға
бармақшымын
Жанар ауылға
барыпты.
Нұрлан хат жазып
отыр.