2тапсырма. Мәтінді екі рет оқып, түсініп, 3 тірек сөз жазыңыз: Қайтқанда, Шыңғыс тауларының қасына үш-төрт ауыл тұрыпты. Бұлар «Құнанбай ауылы» деп аталады. Бала ауылындағы ақ үйлердің қасында тұрған екі шешесі Ұлжан мен Айғызға қатты асықты. Аттан түсіп, шешесіне барса, Ұлжан: «Әуелі әкеңмен амандас», - деп Құнанбайды меңзеді. Сондықтан Абай алдымен әкесі және жанында тұрған кісілерге барып, оларға сәлемін береді. Құнанбай Абайдан: «Молда болдың ба? Бойыңа қоса білімін есті ме?» - деп қатал сұрады да, шешесіне жіберді. Абайды жеңгелері сүйіп, Телғара деп еркелетеді. Абай ана құшағын қатты сағынды. Улкан баласын бауырына басып, маңдайынан иіскеп, көп ұстаған жоқ: «Әкеңе бар!» - деп, үлкен үйдің жанында тұрған кәрі әкесіне жіберді. «Қарашығым, қоңыр қозым... Абай жаным... - деп, бәрінен де кеn сағынған Зере әжесі немересін қатты құшақтады [1].