2тапсырма күй атасы Құрманғазы

TimLih990 TimLih990    3   14.12.2020 20:00    1

Ответы
ivanignatov201 ivanignatov201  13.01.2021 20:01

Құрманғазы Сағырбайұлы

Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы.

Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы.

Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған. Құрманғазы Сағырбайұлы өзінің өлмес туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына, қанат жаюына қомақты үлес қосты.

Құрманғазы туған халқымен қоян-қолтық, тығыз араласып өмір кешкен өнер иесі. Халықтың мұңы, арман-тілегі оны да бей-жай қалдырмады. Оның «Кішкентай» күйінің алғашқы бөлімі тұңғиық мұңға батырса, екінші бөлімінде өрлік, өжеттік екпіні сезіледі. Бұл бір жағынан қандай да кедергілерден қаймықпайтын халық күшін, халық қуатын аңғартса керек.

Оның ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе, оң-солын танып, өмірге белсене араласа бастаған кезі заманның күрделі жылдары-тын. Патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған тұсы болатын.

Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырды.

Құрманғазы Сағырбайұлы өзінің өлмес туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына, қанат жаюына қомақты үлес қосты.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi