28. Мәтінді оқы. Құстардың әңгімесі –Мен торғайдың (шиқ-шиқ). Адам тұрағына жақын келіп қоныстанғанымыз қандай жақсы болды! –Мен қарғамын (қарқ-қарқ). Мынадай қалың қарда дән қайдан табылсын?! Ағаш бүршігімен, кепкен жеміс-жидекпен күн көре тұрамыз да. –Мен сауысқанмын. Ей, қаз, сен жылы жаққа кетпеп пе едің? Қыс түскенде, мұнда неғып жүрсің? –Ей сауысқан-ай, танымадың ба? Біз үй қаздарымызғой. Сен өзің неге жылы жаққа кетпедің? – деп сұрады Қаз. –Мен туған жерде қыстайтын отырықшы құспын ғой. Мен сияқты алақарға, тоқылдақ, торғай, суықторғайларға да өз туған жерлерінде қыстайды, — деді Сауысқан.