27. Төмендегі сөйлем мүшесіне талдау үлгілеріне назар аудар. 1. Сөйлемдердегі қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөзді тап.
Оған не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарының тиістісін
қой. Осы сұрақтарға жауап беретін сөз баяндауыш болады.
Баяндауыштың астын екі сызықпен сыз.
2. Сөйлемдегі қимыл, іс-әрекеттің иесін анықта. Сол сөзге
сұрақ қой. Егер ол сөз кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына
жауап берсе, онда ол бастауыш болады. Оның астын бір
сызықпен сыз.
3. Сөйлемдегі өзге сөздерге сұрақ қой. Олар сөйлемнің
тұрлаусыз мүшелері болады. Тұрлаусыз мүшелердің астын
ирек сызықпен сыз.
4. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет:
Оқушылар саяхатқа шықты.
28. Жоғарыдағы сөйлем мүшелерінің талдау үлгісін басшы-
лыққа алып, төмендегі сөйлемдерді талда.
1. Ескерткіштер қорғауға алынған. 2. Сәулетшілерді
кездесуге шақырдық. 3. Астана сәулетті құрылысымен
ерекшеленеді. 4. Мен өскенде сәулетші болғым келеді.

stockmen stockmen    3   21.12.2020 08:58    41

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi