[26.04, 11:33] Натафка: . Ата - бабаларымыздан қалған құндылықтардың бірі – бір ананың баласындай , бірге туып өскен бауырдай болып үлкенге құрмет , кішіге ізет ету . Аналардың өсиеттерімен , қариялардың батасымен , тоғыз ай толғатып , өмір сыйлаған аяулы ананың ақ сүтімен , асқар таудай әкенің тәрбиесімен бойға сіңген игі қасиеттер өскелең ұрпақ болашағының жарқын болуына бірден - бір таптырмас кепілдік болар еді . Осы тұста мынадай сұрақ туындайды : Болашақ кімнің қолында ?! Ол сіз бен біздің қолымызға көшетін бір мемлекеттің тамыры тереңге кеткен тағдыры деп білемін . Ал тағдырды тағылымды да тарихи етіп жазу тағы да бізге байланысты . Біз деген кімдер ? Олар – кеудесінде « ұлтым » деп соғатын жұдырықтай жүрегі бар , жүрегінде отанға деген сүйіспеншілік сезімі бар , ұлттық болмысы сақталған Қазақстанның азаматтары мен азаматшалары . Ұлттық құндылықтар - ұлт қорғаны . Неліктен ? Себебі « Ел боламын десең , бесігіңді түзе » деп Мұхтар Әуезов айтқандай , ұлт қорғаны болу үшін де бесікте берілер тәлім - тәрбиенің нәрімен жас сәби сусындап өсуі қажет . Сәби кезде құлағына анасының әуелеген бесік жыры мен кимешек киген әкесінің айтқан ертегілері , аңыз - әңгімелері сіңірілуі тиіс : Ұлттың болмысы рухани құндылықтардың сақталуынан айқындалады . Ал осы тұста құндылық дегеніміз не ? » деген сұраққа жауап іздеп керелік құндылық , дегеніміз – ата - бабамыздан жалғасын тауып осы кезге дейін жеткен әдептіғұрыптарымыз , салт - дәстүрлеріміз , тәлім - тәрбиеміз , дініміз. Менің ойымша , мәтінде көтерілген негізгі мәселе :
Себебі :
Мен оны мына фактілермен , мысалдармен дәлелдей аламын : Осыған байланысты мен мынадай шешімге келдім :