25-СОӨЖ мазмұны: 1-тапсырма. Жақшаның ішіндегі жалғаулардың керегін таңдап жазыңыздар.
Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басым бағыттары(-н, -ның, -на) бiрi болып танылды. Ол жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттер(-ге, -ін, -дiң) бiрi болып табылады. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдар(-на, -ға, -да) арналған мемлекеттік бағдарламасының мерзім(-ге, -і, -не) ұзартылды.
2-тапсырма. Берілген етістіктерді болымды және болымсыз түрде етістіктің келер шағына келтіріп жазыңыз. Сөйлем құраңыз.
Үлгі: Омардың халықтық банктен алған несиесін ертең оның есеп шотына аударады. Бару, кіру, тұру, сұрау, бітіру, бөлу, айту, келу, болу, атау, жиналу, айқындау,
белгілеу, қолдану, ашу, орындау.
26-СОӨЖ мазмұны: Мәтінмен жұмыс.
Денің сау болу үшін салауатты өмір сүру керек. Салауатты өмір сүру неге байланысты? Ел президентінің Қазақстан – 2050 жолдауында әрбір адамға өз денсаулығын сақтауға жауапкершілік жүктеледі. Аурулардың алдын алып, салауатты өмір салтын орнықтыру – мемлекеттің негізгі басымдылық саясаттарының бірі. Ұлттың саулығы әрбір адамның денсаулығын сақтап, нығайту және салауатты өмір салтын орнықтырумен анықталады.
Денің сау болсын десең мынандай негізгі ұстанымдарға сүйен. Спортпен шұғылдану (күн ара жаттығу (аптасына үш рет); Темекі шекпеу керек; Алкогольдік ішімдік пен есірткіні қолданбау керек.
Дәстүрлі әдістер: Таңертеңгілік жаттығулар, жәй жүгіру немесе жылдам жүру, жүзу, сапарлар немесе ұзақ қыдыру, саяхат шегу, түрлі ойындар, велосипед және шаңғы, саяжайда белсенді демалу. Осы аталған құралдарды күнделікті және өмір бойы қолдануға болады.
Таңертеңгі ас- ботқалар, жемістер мен сүт өнімдерінен тұруы керек.
Таңертеңгі қара нан, жүгеріден, сұлыдан жасалған нанды жеу керек.
Дұрыс тамақтану денсаулыққа пайдалы:
•Түскі ас- дәрумендерге аса бай болу керек.
•Күріш сорпасы, жүгері, қарақұмық сорпаларын ішкен жөн.
•Түскі аста ет өнімдерін қолданған жөн.
•Кешкі ас- пісірілген құс етінен, балық етінен тұру керек.
•Кешкі астан кейін айран, сүт өнімдерін пайдаланған жөн.
Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ ұйқыны алуға болмайды.Тамақ сатып алуға болады, бірақ тәбет сатып алуға болмайды. Дәрі сатып алуға болады, бірақ денсаулықты сатып алуға болмайды.Сондықтан әр адам өзінің денсаулығына көңіл бөліп,әрдайым салауатты өмір салтын ұстануы керек.
“Денсаулық баға жетпес асыл қазына”- деген қазақ халқы. “Бірінші байлық- денсаулық”- деген халқымыз.
Тапсырма.
1.Мәтінге тақырып қойыңыз.
2.Мәтінге жоспар құрыңыз.
3.Мәтіннің негізгі мазмұнын қысқаша жазыңыз.
4.Мәтінге аннотация беріңіз.
5.Мәтіндегі етістіктерді теріп, олардың қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
6.Мәтінге кластер құрыңыз.
7.Мәтіннің мазмұнын ашатын бірнеше сұрақ құрастырыңыз.