25. Мәтінді оқып, тірек сөздерді анықтаңдар. Тірек сөздерді қатыстырып, автор сұрағына жауап беріңдер.
Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, бол-
маса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал! Сол алдыңғы
есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не
дүниеге жарамды күніңді өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, бол-
маса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?
(Абай. Он бесінші қара сөз)