20 минут Орындау уақыты
1 - тапсырма. Мәтінді екі рет мұқият тыңдап, мәтінге
ат қойыңыз, 3 тірек сөзді анықтаңыз. (4 б)
Адамның денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу
жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке
әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.
Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын
және рухани саулығын сезіну.
Жеке бас тазалығының ережелері:
-күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
-таңертең тiсiндi тазалап, беті-қолынды, мойның мен құлағыңды жу;
-ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;
-ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімің таза және үтіктелген болсын;
-мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарынды реттеп ұста;
-өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;
сырт киімінді орындыққа тастай салмай, киім ілгішке іл. Мектеп формасы мен үй
киімің араласып жатпасын.
Тері тазалығы адам денсаулығы кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен
жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып,
тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын
күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері
бас киімсіз шығуға болмайды.
1.Придумайте название к тексту
2. Тірек сөз
3.Тірек сөз
4.Тірек сөз​

seregapomogite seregapomogite    2   12.02.2021 11:52    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi