2-жаттығу. Тест тапсырмасымен жұмыс 1. Тұйық етістікті тап
а) келген в) келу с) келді д) келмек е) келіпті
2. Етістіктің тұйық етістік тұлғасымен тіркескен тіркесті тап.
а) отыра кетті в) барса игі еді с) отырғысы келді д) тез келу е) тексерді
3. Тұйық етістіктің жұрнағы жалғану арқылы заттық мағынаға ие болып тұрған сөздің қай сөйлемде тұрғанын көрсет.
а) көрмегенге көсеу тақ в) ол бүгін келу керек с) оған сенуге болмайды д) мына ағаш қисықтау өсіпті е) демалысқа келді.
4. Тұйық етістікті тап
а) қуу в) құрар с) құрып д) қуды е) қуған
5. Тұйық етістік жұрнағы жалғанғанда соңғы дыбыс өзгеріске ұшырайтын сөзді тап
а) кел в) бар с) тап д) айт е) жүр