2 жаттығу: Етістіктің шақтарын тауып, оның қай түрі екенін айтыңыздар.
Сонау ақ үйлердің бірінен екі адам шығып, бері қарай келеді. (Т.Ахт.). Бір бүйірін жылытып отыр. Бір үйдің төбесінде кішірек қызыл жалау желібреп тұр (Б.С.). – Жоқ, осы үйде Тоғжанның өзі отыр. Оны да ойламайсың (М.Ә.). Өзің білесің, біз момақан шаруамыз. Ұш күн әңгіме етіп, жақсыфлардың аузынан шыққан лебізін жұртқа жайып жүресіз. Балаларым өсіп, адам болып келеді (Х.Е.). Мен де келер деп ойлаймын. –біз оған қашан жетеміз?- Суыт жүрсек, таң ата жетеміз. Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз. (Т.Ахт.).-Бұл іс болмайды. Қолдан келмейді. Жазығы жоқ Алшынбай қызын Күнекең ренжіте алмайды. Алшынбайдан кетісем демесе, саған рұқсат етпейді. Қуандық қайын жұртына жаман атты болады (М.Ә.).