2. Үзіндіні мәнерлеп оқыңдар. Мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі және қосымша ақпа- ратты анықтаңдар,
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай.
Білгендерге осылар
Бөрі дағы анықтай,
Білмегенге танықтай.
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай,
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Үмтылыңыз, қалыспай!..
(Ыбырай Алтынсарин)
Ыбырай Алтынсариннің "Өнер-білім бар жұрттар"-өлеңі өнер-білім алып,қатарынан қалыспай жаңалықтарға ұмтылуға шақырады.
Мәтіндегі негізгі ақпарат:
Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды,-өзге елдің өнерлі,білімді халқы қала тұрғызып,жылдам хабар алдыратын,барар жеріне тез жеткізетін,самғап ұшатын,отынсыз тамақ пісіретін құралдар ойлап тауып жатыр,сенде жаңалыққа ұмтыл дейді.
Қосымша ақпарат:
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай!,-деп сенде қатарыңнан қалыспа,білім,ғылым қуып жарыс,оза шап өзгелерден дейді.