2-токСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Сүйіспеншілік пен достық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, мазмұндаңыз. Берілген үзіндіден дара, күрделі етістіктерді тап. Болымсыз етістікке айналдыр. Екі дос Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүлiктерiн тиеп кетеді. түскен қазақ жасағын айдап әкетеді. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші б күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаган әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың колбасына: - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досым босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді. Колбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да: Жарайды, мен сені кыршыныңнан қимай-ак кояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлше ғана берсен болды, - дейді. - Ол не? - деп сұрайды досын кұтқаруға келген жігіт. - Маған сенің көздерің керек, - дейді колбасы. - Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей етеді. Олі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуан күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың колбасшысы: «Мұндай ерлері бар халыкты тұтқиылдан келіп, капыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соглар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен. Дара етістік Күрделі етістік Болымсыз етістік

роман507 роман507    2   30.11.2021 13:29    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi