2. Тиісті жерге дефис қойып, қойылу себебін түсіндіріңдер. Түркістан
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен...
Шөлдер бар, жел де жүрмес, сансары құм,
Моладай ешбір үн жоқ мəңгі тып тын.
Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде,
Сар құмда салар ойнақ пері мен жын.
Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,
Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!
Еріксіз ер түрікті ойға аларсың,
Көкке аскан Хан Тәңіріге карай карай,