2-тапсырмаАлдымен оқушыларға екі мәтін таратылады. Жұптық тапсырма ретінде мәтіндердің стиліне, тілдік құрылымына талдау жасайды.
1-мәтін:...Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» құрыпты. Қалған уақыттың бәрінде мемлекеттер «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал» деген қағидамен өмір сүрген көрінеді. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десек те, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымының есептеуіне қарағанда, өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар-жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн адам қаза тауыпты...
2-мәтін:«Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай Жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп,Жеріміздің шетін жау ба деп, найзаға үкі таққан елміз,ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Асқақтаған жау болса, ордасын таптай білген елміз.»
Қазыбек би.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Берілген мәтіннен негізгі кілт сөзді ала отырып, екі аралас құрмалас сөйлем жасайды, жасалу жолын түсіндіреді.