2-тапсырма Жазылым

Басқа елде тұратын досыңызға өзіңіз тұратын жерінді сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз Болымды және болымсыз етістіктерді қолдана отырып, еліміздің көрікті жерлері туралы. (70-90 сөз).
НЕ КОПИРОВАТЬ

машакараулова02 машакараулова02    3   13.05.2021 16:38    2

Ответы
karandash72772 karandash72772  13.05.2021 16:40

Сәлем, қымбатты де қадірлі досым! Мен өзіңмен менің Отанымның, яғни Қазақстанның сұлу табиғаты туралы бөлісіп айтпақшымын. Бұл саған қызық болар деген ойдамын, себебі сен әрдайым Қазақстанның табиғатына қызығатынсын, солай емес пе?

Сонымен, біздің елде көркем де, әсем жерлер аз емес. Мысалы, Көкшетау қаласы жаныңдағы Бурабай, Алматы қаласы маңындағы Қапшағай және Үлкен Алматы көлінің көрінісіне көз тоймайды! Қазақстанның қалалары да керемет, ғажайып. Әсіресе елордамыз Нұр-Сұлтан-ең керемет те, ғажайып қалалардың біріне жатады. Бұл қала Қазақстанға келген туристер үшін ең керемет қала болмақ. Бірақ, Нұр-Сұлтаннан басқа қалалар қызықсыз деп ойлама, біздің елде барлық қалалар көз тартарлық, әрі ғаламат!

Ал сенің еліңде қандай әсем жерлер бар? Мен үшін де бұл қызық болмақ!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi