2-тапсырма Үзінділермен танысып, кестені толтырыңдар 1-үзінді

...Ішінде әкемнің нағашысы Байтана Текебай би де бар екен. Ол кісі қайта сайланудың сары

уайымымен аһылап-үһілеп берекесі кете беріпті. Оязға дер кезінде мына қағаз

бармайтынболды деп қатты қайғырғаны сонша, соны көріп менің әкем Момыш:

— Не боп қалды? Неге қиналдыңыз? — деп сұрайды.

— «Жартыны» ешкім жаза алмай қойды ғой, құдай-ау, — депті би. «Жарты» дегені 1/2

екен.

— Мен жаза аламын, — депті менің жиырма төрт жасар әкем.

Сен жаман неме. не жазып жарытамын дейсің. Екі күннің жүзі болды, ол қиын жазуды

мына оқыған молдалардың өзі түсіре алмай отыр, — деп Текебай сене қоймайды.

— Мен жазып берсем, қайтесіз, — депті әкем.

2-үзінді

Әжемді мен апа деймін.

— Кішкентай ғана құлыным менің, ерте тұрып кеткенің қалай? — деп апам мені қолымнан

жетектеп алады. Мен тырмысып, үйге басқым келмейді. Әлгі бір күн шоқыдан шығып келе

жатқан шақтағы ғажайып суреттен айрылғым жоқ-ақ.

— Жүр, қымыз құйып берейін, ақыр ерте тұрыпсың ғой, — дейді апам. Мен жалаң

аяғымды тасқа тіреп, тыртысып бағамын. Сөйтсем кәрі апам:

— Жүрмесең мейлің, қымызды түк қалдырмай өзім ішіп қоямын, — деп үйге кіріп кетеді.

Сонда барып мен бақыра жылап апамның соңынан тұра жүгіремін.Қайран, балалық-ай

десеңші! Алыста қалған арайлы адал таңдарым менің. Онда мен кіп- кішкентай сәби едім.

Ал айнала таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да — бәрі- бәрі үлкен болатын.

Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып

көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қасиет-қадір белгісі көрініп тұрар еді маған.

комектесндершы


2-тапсырма Үзінділермен танысып, кестені толтырыңдар 1-үзінді...Ішінде әкемнің нағашысы Байтана Теке

DeltaMintz DeltaMintz    2   05.02.2021 22:58    3

Ответы
Filippoa1203 Filippoa1203  07.03.2021 23:01
1-үзінді: Кейіпкерлер: Байтана Текебай би. Автор мен кейіпкерлер бейнесі: Уайыммен аһылеп-үһілеп берекесі кете, қайғырған.
2-үзінді: Кейіпкерлер: Қария кісі апасы. Автор мен кейіпкерлердің бейнесі: Қария кісінің сақалынан қадір-қасиеті белгісі көрінуі.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi