Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.2Әже әлдиіндегі әлем – тұнып тұрған салт дәстүр, әдет ғұрып. Әже әлдиі, қазақтың қара өлеңі әлемдегі ең әдемі ән. Ал, әже ертегісі бастан аяғына дейін халқымыздың ауыз әдебиеті. Әженің тәрбиесі – қазақ қоғамының жазылмаған оқулығы. Жадымызға қашалған қасиеті ілім