2- тапсырма.Төмендегі үзіндіні өңдеп, өз атыңнан қатарластарыңа үндеу жазыңыз Ақыл деген — денеге егулі дән, Суғарылса кіреді оған да жан. Ақылдың өсіп-өніп зораймағы — Көрген, білген нәрседен ғибрат алған. Есітіп, біліп, көз көріп, ойға салмақ, Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ. Қызықпақ, не жек көрмек, жиіркенбек, Бастан кешкен әр істен белгі қалмақ. Ақылдың кей іс жауы, кей іс досы, Бұл екі істен болмайды өмір босы. Досыңды жау, дұшпанды дос көрсетіп, Көзді байлап нәпсінің қылғаны осы.