2.Тапсырма.Төмендегі сөйлемдерден күрделі сөздерді тауып, кестеге толтырып жаз. Көкшетау-Сарыарқаның солтүстік бөлігінде оқшау жатқан қырат. Ол батыстан шығысқа қарай 400-500 км-ге созылып жатыр. Таудың бергі баурайында беті айнадай мөлдіреген Бурабай көлі көрінеді. Көлде ақтабан, алабұға, шабақ, сазан, шортандар бар. Көлге сұғына енген әсем Қызылтас сияқты мүйістер, сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Бурабайдың солтүстік бөлігінде жартасты-жарқабақты келген «Жұмбақтас» аралы орналасқан. Оқжетпес-Бурабай көлінің солтүстік жағалауындағы биік келген конус пішіндес жартас. Құртқашаш, қаражидек, қияқөлең, мыңжапырақ,көкшағыр - Көкшетау өңірінде өсетін өсімдіктер. Ақжон, аққанат, көксала құстары Көкшетау қыраттарында кездеседі. Көкшетау жеріндегі Майлысор, Айдабол, Көлшүмек- тұйық, тұзды көлдер.
Қос сөз
Біріккен сөз
Қысқарған сө