2-тапсырма.
Төмендегі ақпаратқа сүйене отырып, қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын салалар бойынша анықтаңыз.
Саяси
Экономикалық
Әлеуметтік
Қазақ хандығының құрылуының маңызы
А
Сасы-Бұқа мен Орыс хан басқарған Ақ Орда мемлекетті қайта жаңғырды
B
Дешті Қыпшақ даласындағы қандас ру-тайпалардың арасындағы соғысты тоқтатты
C
Дешті Қыпшақтан ығысытырылып, Шайбан әулиетінің хандары Мәуеренаһрға барып қоныстанды.
Атадан мирас болып келе жатқан жер қайтарылды.
D
Дешті Қыпшақта бейбітшілік орнады. Қарапайым халық шаруашылықпен айналысты.
Малшылар малдарын өсірді. Егіншілер егіс алқаптарын ұлғайтты. Өз өнімдерін Сыр бойы қалаларына әкеліп өткізді.
Бұл халықтың тұрмысын жақсартты
E
Халық саны тез өсе бастады. Халық саны өсуіне екі жағдай ықпал етті: біріншіден, басқа ағайынды жұрттардың келіп
қоныстануынан болса, екіншіден, халықтың тұрмысы жақсарып, адамдардың әл-ауқаты арттуына байланысты болды.
Мысалы, ХV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының халық саны - 200 мың адамды құрады.
Ал ХVІ ғасырдың басында Қазақ хандығының халық саны – 1 миллион адамға жетті
Ғ
Қазақ хандығы бірорталықтанған мемлекет болғандықтан, сыртқы саясаты күшейді.
G
Қазақ хандығы құрылып, көшпелі және отырықшы шаруашылықтар арасында байланыс орнады.
Шаруашылық өркендеді, сауда қатынастары дамыды.
H
Қазақ хандығы құрылып, ішкі алауыздық тоқтатылды.
Дескриптор
Білім алушы
Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарттарын анықтайды;
Қазақ хандығы құрылуының экономикалық маңызын анықтайды;
Қазақ хандығы құрылуының әлеуметтік маңызын анықтайды.
ответ:саяси: A,E
Экономикалық D G
Элеуметтік C F
Объяснение: