2-тапсырма Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша беріледі.
Мысалы:
Бабаларымыз өмір сабақтарын екі ауыз сөздің аясына сыйғызып, түйінді оймен қалдырып кеткен.
Өмір сабақтарын
Жауабы:
Өмір сабақтарын аталарымыз екі ауыз сөздің аясына сыйғызып, қорытынды оймен қалдырған.
1. Көзін ашқаннан көргені мен естігені бала жадында тасқа басқан хаттай жазылып қала беретіні анық.
Бала жадында
Жауабы
[1]
2. Отбасылық, ағайындық, туыстық қарым-қатынастарды үйрететін, қазақ шаңырағына ғана тән, жазылмаған қағидалар – әдептілікке тәрбиелеудің үлкен мектебі.
Әдептілікке
Жауабы
[1]
3. Ол – ізгі қасиеттері мен тектіліктің, ізгіліктің үлгісі, сондықтан әйелдерге қойылатын талап қашан да жоғары.
Әйелдерге қойылатын
Жауабы
[1]
4. Аналарынан үйреген өнегені өз балаларына, немерелеріне үйретіп, дәстүрді сабақтастыру арқылы алтын көпір болу – ұрпағының келешегін ойлайтын әрбір қазақ әйелінің міндеті.
Ұрпағының келешегін
Жауабы
[1]
5. «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деп қазақ текке айтпайды, өйткені бүгінгі – ару, ертеңгі – ана.
Бүгінгі
Жауабы
[1]
6. Ағайынның арасын жақындатып, ерінің мерейін үстем етіп жүретін әйелдің ұялтпайтын ұрпақ тәрбиелейтіні де шүбәсіз.
Ерінің мерейін
Жауабы
[1]
7. Қазақтың ұлттық тәрбиесінің айнасындай халықтық педагогика мұралары – тұнып тұрған даналық пен ақылдың кені.
Халықтық педагогика
Жауабы
[1]
8. Тек соны көретін қырағы көз, ұғатын сарабдал сана болса болғаны.
Ұғатын
Жауабы
[1]
9. Ата-бабаларымыздан бастау алып, сан ғасырлар бойы адамгершілік пен ізгілікті дәріптеген қазақтың ұлттық дәстүрлері келешек ұрпақ үшін де рухани азық болып қала берері хақ.
Қазақтың ұлттық
Жауабы
[1]
10. Шынайы шындық пен иманға негізделген құндылықтар еш уақытта құнын жоймай, жасампаз бола береді.
Еш уақытта
Жауабы