2-тапсырма. Сөйлемдерден есімше жұрнақ тарын тауып, талдаңдар. 1. Базаралы науқасынан оңалып, қай тадан азамат қалпына келгенде, қараша үйлердің үлкен-кішісі түгел қуанды (М.Ә.). 2. Аспанды ызғырық суық сұр бұлт қаптаған (Б.М.). 3. Игілік жігіттерді бөгей тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды (Ғ.Мүс.). 4. Болыс ағасы тұрғанда, етек-жеңін кең ұстайтын (Ә.Нұрп.). 5. Қасымның ырысы болған “Қос шалқардың” қойнау-қуысын қалдырмастан араладық (Ғ.Мүс.). 6. Мұстафаның ойы бір биені өзі алып, бір биені Мұқанға бермек екен (С.М.). 7. Бұл шырақ өшпес түгіл лаулап жанар (С.Дөн.)