2-тапсырма. Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» өлеңін оқыңдар. Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп өлеңдетіп.
Астымда ақ боз атым сылаң қағып,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.
Ақ боз ат менің тұлпарым,
Шалқыған көңіл сұңқарым.
Көкірек керіп жұттым мен,
Ауаның жазғы жұпарын.
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті-ай сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Ән салдым есіп майда жаяулатып,
Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып.
Толқынды мың құбылған әнімді естіп,
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып.
Ады
Ece
ай
А Өлең жолдарын аяқтап тұрған көсемшелерді тауып, көсемшенің жасалу
жолын анықтаңдар.
Ә Жоғарыда берілген С.Сейфуллин өлеңінің мазмұнын талқылап, ойларыңды
ортаға салыңдар.