2-тапсырма. Оқылым материалы бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазыңыз. Вот текст:
Ұлттық кітапхана – ҚХР-ның, Азияның және әлемнің ең ірі кітапханасы. Азияның ең үлкен кітапханасы деп саналатын Қытай Ұлттық кітапханасында 35 миллионнан астам кітап, қолжазба және тарихи коллекция бар. Кітапхананы Чинг әулеті (1644-1912) 1909-1912 жылдар арасында Пекин қала орталығына құрды. Қазір кітапханаға жыл сайын 5 миллионнан астам оқырман келеді.
Ұлттық кітапхана ғылыми, ұлттық басылымдарды сақтау қоймасы. Ұлттық библиографиялық орталық, кітапханалық-ақпараттық және ғылыми- техникалық кітапханалар желісінің ұлттық орталығы және даму орталығы. Кітапхананың жалпы аумағы 170000 шаршы метрді құрайды, әлемдік кітапханалар арасында бесінші орында. 2003 жылдың соңына қарай кітапхана 24 110 000 томның бай коллекциясын алды. Коллекцияда 270 000 том сирек кітаптар, 1 600 000 том ежелгі кітаптар болды. Кітапханада Қытай кітаптары мен шетел тіліндегі материалдардың ең үлкен топтамасы бар.
Классикалық туындылар жиналған ғимарат пен оқу залдары бір-бірінен бөлек. Келушілерге ашық бөлімі футуристік сәулет стилімен назар аударады. Ғимараттың ішкі дизайны да қабат-қабат оқу залдары түрінде жобаланған. Кітапханада 2004 жылы цифрлық бастама басталып, кітапхананың мұрағаты интернет ортасына көшірілді. Кітапханасының мұрағаты жыл сайын артып, 2016 жылдың деректеріне қарағанда кітапханада 115 тілде 35 миллионнан астам материал бар. Кітапханадағы ең байырғы тарихи туынды – осыдан 3 мың жыл бұрын тасбақа қабығына жазылған жазу.
Ресей Ғылым Академиясының Кітапханасы I Петрдің бұйрығымен 1714 жылы тұрғызылған. Кітапхананы ұйымдастырудағы басты мақсат – еуропалық білімге құштар, барлық сауатты адамдарды кітаптармен қамтамасыз ету болды. Кітапхана қоры – көптілді және әмбебап. Бастапқы кезде кітапханада 2 мыңға
жуық кітап болған көрінеді. 1783 жылы ІІ Екатеринаның бұйрығынан кейін
кітапханаға Рейсейде жарық көрген барлық баспалар әкеліне бастады. Бүгінде Ресей Ғылым Академиясының кітапханасы – бүкілресейлік мемлекеттік әмбебап кітапхана ретінде жұртшылыққа белгілі әрі әлемнің ең үлкен ғылыми кітапханаларының қатарынан орын алады.
Стокгольм кітапханасы швед сәулетшісі Гуннар Асплундтың басшылығымен тұрғызылған. Құрылыс жұмыстары 1924 жылы басталған екен. Құрылыс төрт жылдың ішінде аяқталып, яғни 1928 жылы кітапхана пайдалануға берілді. Ескере кететін жәйт, бұл кез келген кітап оқуға құштар адамды қабылдайтын тұңғыш шведтік кітапхана болып табылады.