2-тапсырма мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз Мезгіл –
Ежелгі -
Мейман -
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі екені белгілі. Наурыз - бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені баршамызға аян, деп хабарлайды
Бұл көне мереке Наурыздың тарихына көз салсақ, әлем халықтарының басым бөлігі аталмыш мейрамды әлі күнге дейін тойлап келеді. Бұл мейрам көбінесе Наурыз, Невруз, Навруз, Новруз Байрам деп атаса, ал тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, чуваштар “норис ояхе”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи” деп түрліше атайды.
Наурыз сөзі “Жаңа күн” деген мағына береді. Мейрам кезінде тазалыққа мән беріліп, мерекелік “Наурыз көже” дайындалады. Көже – еліміздің әр өңірінде әр түрлі жеті түрлі дәмнен жасалатынын да байқауға болады. Наурыз мейрамында бір-біріне қонақ болып, тойлап арқа-жарқа болып жатады. Ал, енді әлем елдерінде Наурыз қалай тойланады? Қысқаша тоқталып өтейік...