2 - тапсырма . Мәтіннен 3 детальді ақпаратты анықтаңыз . СПОРТ -ҰЛТТЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТАТЫН ҚҰРАЛ Ардақ құттықожаұлы , сізге қойылатын әуелгі сұрақ , спортпен шұғылдануды қашан , қайда бастадыңыз ? -Спортты алғаш 1991 жылы ауылда бастадым . Алдымен грек - рим күресімен шұғылдандым . Менің болашақ спортшы ретіндегі алғашқы қадамым осылай басталды десек болады . -Спорттағы ұлттық рух жайлы не айтасыз ? - Спорт - ұлтты әлемге танытатын үлкен құрал . Ал , қазіргі үлкен спортта жүрген азаматарды бүгінгі күннің батырлары десек жарасады . Біреулер айтып жүргендей , жекпе - жек – төбелес емес . Ол – өнер . Ақылың асып , ай - ла - тәсілің жетіп жатса , қашанда мерейің үстем . Ал баз біреулер айтқандай , « рухың » мықты болса , жеңіс сенікі емес . « Рухың » тек рингке алып шығуы мүмкін . Ал дайын - ды - ғың кемшін , айла - әдістерді жетік меңгер - месең , рингте ұйықтап » жатасың . Сондықтан рухыңа - күшің , ақылыңа айлаң сай болуы керек . Жеңістің кілті - осында . А құстың қос қанаты сияқты екі күш болады . Бірі – дене қуаты , екіншісі – рух қуаты . Егер рух қуаты болмаса дене қуаты түкке тұрмайды . Рух қуаты күшті болу үшін имани ұғым керек . Мысалы , « нар тәуекел » дейміз . Имани ұғым - түсінігі болмаған адам кімге , неге , тәуекел етпек . Адам тек Аллаға ғана Тәуекел етуі тиіс емес пе ?! Адамға жәрдем - қолдау беретін тек қана Алла . Осыны толық түсініп , иман келтірмейінше адамның рух қуаты орнықпайды . Сол себепті спортшы адамды тәрбиелеушілер ( бапкерлер ) рухани тәрбиеrе қатты маңыз бергені дұрыс , ол үшін ол адамның өзі де рухани тәрбиеден сусындаған болуы керек . ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы 1 . 2 3