2-тапсырма. Мәтіннің соңғы абзацы бойынша етістіктерді теріп жазып, шақ түрлерін ажыратыңыз Әбу Насыр ізгі қаланы қатты аңсаған. Оның ойынша, ізгі қала тұрғындарының дені бақытты, білімді, өнерлі, зергер, еңбексүйгіш, меймандос , шыншыл болады. Өсек, өтірік, ұрлық, бұзақылық жойылған. Жұрт бір-біріне үнемі ізгі ниетпен көмектеседі, қуанышын қоса көтереді. Ешбір қаламен cоғыспайды, бірақ өзгелер шабуыл жасай қалса, тойтарар қайраты мол. Ешкімге есесін жібермейді. Ол қаланың әміршісі де ержүрек, білімді, қылышты емес, кітапты сыйлайтын саналы жан болғаны ләзім.