2-тапсырма Мәтіннің мазмұнымен танысып, мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерін
тауып, оларды синонимдік қатарға ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазыңыз
Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері Біздің
заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Еуразия даласында скиф-сақ
тайпалар
одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін
құрып, күшті жауынгер елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе,
парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар деп атады. Бірақ та осы екі атау да
Еуразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек етіп,
тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар көне жазба шежірелерде
жиі кездесетінін көреміз, сарматтар, дайлар, аландар, массагеттер, үйсіндер. Кезінде осы
тайпалар бірлестіктері Қазақстан территориясын жайлаған, қазақ халқының арғы ата-
бабалары болып табылады. Бұлардың ішінде, әсіресе, массагеттер, аландар, үйсіндер
туралы тарихи деректер көбінесе Иран, парсы, грек жазбаларында біршама кездеседі.
Ал аландар туралы көне қытай жылнамаларында дәйекті де айшықты жазылған. Ең бір
кене деректер ежелгі парсылардың діни кітабы Авестада көрініс береді. Сонымен бірге
дайлармен бірге Иранның шығысында орын тепкен көшпелі тайпа «тұрларды» да атап
өтеді. Ал осы «тұрларды» ежелгі гректер массагеттер деп атағанын айтсақ, кітаптан туркі
халықтардың, дәлірек негіздесек, қазақ халқының арғы ата-бабаларының
географиялық жайлап жатқан аймағын танып білеміз. Массагеттер мен тұрлардын
(түріктердің) туысқан бір тайпа бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы атанған
Геродотта жазып кеткен.
Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі