2-тапсырма.
Мəтіндегі үш септеулік шылауларды теріп жазып,үш сөйлем құраңыз.

Төрт түлік малдың пайдасы мен қасиеттері туралы қазақ дәстүрінде өте жақсы және тиімді сипатталған. Қазақтар төрт түлік малға түйе, жылқы, сиыр, қойды жатқызады. Адамдар төрт түлік малды ете қасиет тұтқандықтан, олардың әрқайсысына Ойсылқара, Қамбар ата, Жылқышы ата, Зеңгі баба деп ат берген. Әсіресе, халық түйені байлық, көлік және азық ретінде аса қадірлеген. Төрт түлік мал туралы көптеген мақал-мәтелдер халық арасында өте жақсы таралған. Сонымен қатар, жылқы, сиыр, қой, ешкі малын да қазақтар аса жоғары бағалаған. Әрине, қазақтар жылқы малын аса қастерлеп пір тұтқан. Жылқы малы өте төзімді, ыңғайлы және жылдың әр мезгілінде жем не шөп тілемей жайыла береді. Оның еті мен сүті де адамның денсаулығына пайдалы екендігі баяғы заманнан белгілі. Жылқы малы бетегелі және селеулі жерлерде өскен. Қазақтың жылқымен бірге қатар ұстаған малы - түйе. Қазақта «түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын туынды бар. Бұлай деудің себебі,баяғыдағы түйелер тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, шебі ащы, сортаң жерлерде қонатын болған. Көшпелілердің жүгін көтерген мал-түйе. Оның ішінде ең төзімдісі әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар. Түйенің түбіті мен шудасы қадірлі болып саналады. Түбіттен иіріп тоқылған киім жылы, төзімді болады. Сүті де шипалы. Ғалымдардың дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық болып саналады. Мал шаруашылығындағы тағы бір түлік – сиыр. Аязды күндері сиыр тек қорада күтіледі. Сүті де пайдалы. Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі. Адам үшін киім де, тамак та, киім дегенде қойдың жүнінен гөрі терісі асыл.​

leonovapodkina leonovapodkina    3   03.03.2021 11:09    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi