2-тапсырма. Мәтіндегі ой бөліктеріне бөліп, ат қойыңдар.
3-тапсырма. Әр ой бөлігіне қойылған тақырыпшаларды абзацтармен сәйкестендіру тапсырмаларын құрастырыңдар.
Вот Мәтін
Шаңырақ – қазақ танымында киелі ұғым. Отау болып, үй тігуді «шаңырақ көтеру» дейміз. «Шаңырағың биік болсын!» деп ізгі ниетімізді білдіріп те жатамыз. Баршамызға белгілі «шаңырақ» сөзі «үй, отбасы» деген мағынаны білдіреді. Халқымыздың ұғымында шаңыраққа ие болу кез келгенге бұйырмас бақыт. Ата-анасының ақ батасын алып, сол шаңырақтың түтінін түзу түтетуге бар ықыласымен тырысады. Өйткені шаңырақ – киелі мекен.

Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Оған бала күнінен «шаңырақтың иесі» деген ұғымды құлағына құйып өсіреді. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет.

Әрбір ата-ана әр баласын саналы болса екен деп тілейді. Оның ішінде кенже балаға ерекше ықыласпен қарайды. Отбасының ұйытқысы болатын да сол кенже бала. Қара шаңырақтың іргесінің берік болуы тікелей «кенже балаға» байланысты. Қара шаңырақ –үлкен үй, ата-ананың үйі. Әдетте, қара шаңыраққа отбасының балалары, туыстары жиналады. Кенже баланың үлкен бауырлары қамқорлықпен қарайды. Кенже келіннің де атқарар міндеті зор. Шаңырақ пен ондағы әрбір құндылық кенже баланың арқасында өз жалғастығын үзбейді.

ЕгорРябцев ЕгорРябцев    2   27.01.2021 11:10    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi