2-тапсырма. Мәтіндегі есімдіктерді  теріп жазыңыз . Ежелгі көшпелілердің өнері мен мәдениетіне алтыннан түйін түю, қола құйма әдістері ең жоғарғы жетістікке жетті. Оған археологиялық қазбалардан табылған асыл заттар куә. Соның бірі – украин архелогтары тапқан скиф қорғанының әртүрлі әшекей заттары. Оның ішіндегі ең құндысы – пектораль алқа. Пектораль – өте нақышты, нәзік соғылған әшекей. Ол скифтердің ғарыштық ой жүйесін бейнелейді. Алтын әшекейдің төменгі бөлігінде о дүние, өлім табиғаты, бедерленген, ал жоғарғы жағы адамдар өмірінен сыр шертеді. Бүкіл Еуразияның байтақ даласын күн шуақты, алтынды аң тәсілді өнерімен көмкерген сақтар кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұра қалдырды. Соның бірі – әлемдегі елең еткізген, біртума ескерткіш – Есік қорғанынан табылған Алтын адам. Обада жерленген мәйіттің басынан аяғына дейін алтынмен апталған. Киім киісіне қарағанда, оның патша сарайының мүшесі не тайпаның көсемі екені байқалады. Алтын адамның киімі – әлемде теңдесі жоқ, адамзат тарихының ғажайып өнер туындысы. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен жеті алтын адам табылуы – әлемдік сенсация. Ол бұйымдардың жасалу технологиясы әзірге құпия күйінде қалып отыр. Бұлар – құнды археологиялық олжа ғана емес, көшпелілердің жоғары мәдениеті мен тарихының белгісі. Бұл мұра – ұлттық тарих пен мәдениеттің алтын тұғыры.

naxim23432 naxim23432    2   03.12.2021 13:41    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi