2-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (6-аудио). Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөздерді атап, жұптарыңмен пікір алмасыңдар.
Қазақ елі 1940 жылдан бері кирилл графикасы әліпбиін қолданып
келеді. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған
әліпбиден кирилл графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру
туралы» Заң қабылданды.
Орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен
орфографиясы емлесіне әр кезде (1957, 1970 жылдары) әртүрлі
өзгерістер енгізілді. Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне
тән дыбыстық ерекшеліктерді дұрыс көрсете алмауына байланысты
кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын
графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылды.
«Егемен Қазақстан» газетінен