2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі тыныс белгіден қате кеткен жерін тауып,қатесіз жазу.
Қола дәуіріндегі кешендер
Неғұрлым кейінгі дәуірдегі кешендер тас тақталармен тік бұрышты етіп қоршалды кіре берісте галереялар салынды төбесі бағаналармен (Беғазы, Қарағанды облысы) жабылды. Тегіскен мазарларының композицияларында (б.з.б. ІХ–VI ғасырлар, Қызылорда облысы) сыртқы қабырғалардың шаршылары оларға кірігіп тұрған дөңгелек камералармен (шикі кірпіштен тұрғызылған) сырықтармен жабылған шатырмен үйлесіп тұр. Б.з.б. IV ғасырларда құрылыста төбені күмбездеп жабу тәсілі сондай-ақ оның алуан түрлері – цилиндр сопақ кеспек тәрізді түрлері кеңінен қолданылды. Бұлар негізінен сақ тайпалары көсемдерінің мазарларында (Баланды-2 кешені, Қызылорда облысы) тұрғызылған. Қола дәуіріндегі қабір үсті құрылыстары пішіндерінің композициясы мемориалдық және басқа құрылыстардың пішінін қалыптастыру үшін үлгі болған космогониялық түсініктердің белгілі бір жүйесі екенін дәлелдейді. Олардың жекелеген шарттары Қазақстанның кейінгі дәуірдегі ғұрыптық архитектурасының негізіне айналды.